АБСУРД КЕШІ (екінші бөлім) Mount Orta-да. С.Бекеттің «Годоны күтуде» пьесасының тақырыбына фантазия

Кешті «Лестница» эксперименталды зертханасының актерлері Ахтанов атындағы драма театрының қолдауымен өткізеді: Дмитрий Матвеев, Дулат Курманалин, Тимофей Арыстанов және Анастасия Власенко, режиссер Ольга Павлова.

Театр жанры ретінде абсурд өз бойында иллюзия мен шынайылықты, метафора мен әзіл өнерін, сарказм мен философияны, поэтика мен сезімдерді шебер түрде үйлестіреді. Бұл - әрбір сезім мен өзара қарым-қатынас терең мағынаға ие театр тілі арқылы өміртанудың көпқабатты бір түрі. 

Бекет пьесасының жолдары арқылы шытырман саяхатқа аттанып, АБСУРД кешінде өз қиялдарыңызға ерік беруге қуана шақырамыз. Сана көкжиектерін кеңейтетін әсерлі іс-шарадан қапы қалмаңыздар!