Вавилон мұнарасы
Билеттер бағасының әртүрліліне, алайда билеттердің ұқсас екендігіне назар аударуларыңызды сұраймыз.
Тек студенттік билеттер ғана 4000 теңгеден тұрады.
Бұл жағдайда сіз өзіңіз үшін қолайлы бағаны төлейсіз, бағалар 5000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін. Өзіңіз үшін бір немесе достарыңыз бен жақындарыңызға да бірнеше билеттерге қол жеткізе аласыздар. Қойылымға билет сатып ала отырып, сіз «Трансформа» мәдени кеңістігінің дамуына өз септігіңізді тигізіп, қызметіне қолдау көрсетесіз.
«Вавилон мұнарасы» - 2019 жылдан бері «Действие буквально» театр зертханасының командасы ойнап келе жатқан Қазақстандағы алғашқы кәсіби инклюзивті қойылым. Инклюзивті - бұл сахнада кәсіби әртістермен бірге даму ерекшеліктері бар әртістер жұмыс істейді дегенді білдіреді.
«Вавилон мұнарасы» улкен Питер Брейгелдің картинасынан шабытталған. Бұл ортақ тілді іздеу туралы, қазіргі әлемде баршаға таныс, бір-бірімізді түсіне алмайтын жағдайларда туындайтын біз күнделікті қақтығысатын сәттер туралы оқиға. Бірақ бұл сәттерде адам баласы бір-біріне қолдау көрсете алатыны сөзсіз.
Борис Павлович, «Вавилон мұнарасы» спектаклінің режиссері:
«Бізді мына сұрақ мазалайды: шынымен кездесіп, бір-бірін түсіну дегеніміз не? Сондықтан осы сұрақтың жауабын іздеу жолында біз бірінші етіп қойылымға Вавилон мұнарасы туралы аңызды алдық. «Тілдерді араластыру» дегеніміз не? Бұл жаза ма, әлде сыйлық ма? Бір күні таңертең оянған адамдар әрқайсысы өз тілінде сөйлей бастады. Олар бір-бірін түсінуден қалды, есесіне әр адам өзінің жеке, бірегей тілін тапты».
«Действие буквально» инклюзивті зертханасында алматылық театрлардың кәсіби актерлері мен ақыл-ой ерекшеліктері, Даун синдромы мен аутизмі бар кәсіби емес әртістер бірге жұмыс істеп, спектакльдер, қойылымдар және басқа да шығармашылық жобалар жасайды.
«Действия буквально» труппасында 20 адам - актерлер, музыканттар, суретшілер. Бұл Қазақстандағы жалғыз кәсіби инклюзивті театр, онда дамуында ментальдық ерекшеліктері бар адамдар ресми түрде жұмысқа орналасқан.
Қойылымдағы актерлер: Катя Дзвоник, Елена Вовнова, Елена Локшина, Ауэз Сазанбаев, Мария Дубоделова, Артур Асланян, Алина Абилкаламова, Элиза Молчанова, Бота Жанадил, Артем Горбунов, Денис Брагин, Халев Нагуманов, Рената Машекенова, Алмаз Насруллаев, Абзал Умбеталиев, Анара Бакирова, Ростислав Кобец, Алексей Красный.