Вальс королі
Шәмші 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында, қарапайым шаңырақта дүниеге келген. Тұңғышының есімін ел билеген Жәмшит патшаның атына ырымдап Қалдаяқтың өзі қояды. Өсе келе әнге әуестене бастаған Шәмшіге бірде әкесі мандолина тарту етіп, музыкаға ықыласын арттыра түседі. Алайда ол әке-шешесіне берген уәдесі мен отбасының үлкен үмітін арқалап, зоотехник оқуына түсуге мәжбүр болды. Десе де, бойына дарыған таланты көп ұзамай “Ән әлемінің падишасы” атанған ұлы композиторды өнер жолына алып келеді.
Туған жеріне деген сүйіспеншілігі, анаға деген сағынышы, албырт сезімі мен өмірді терең түйсінуі ең танымал әндерінің шығуына арқау болды. Осы тақырыптағы әндеріне Мұзафар Әлімбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов сынды ақындар мәтін жазды. «Осы уақытқа дейін қанша ән шығарсам, сонша жылаған да болуым керек...» деп толғанған Шәмшінің әр әнінен, әуезінен тұлғалық көзқарасы мен ішкі жай-күйі қылаң береді. 40 жылдан астам шығармашылық қызметіндегі ең үздік әндерінің шығу тарихы мен ауыр тағдыры музыкалық драмада осылайша өрбиді.
Идея авторы және көркемдік жетекшісі: Шынар Омарова
Қоюшы суретші: Gio Forma
Қоюшы хореограф: Мадина Муратпекова
Костюм жөніндегі суретші: Алма Сырбаева
Жарық жөніндегі суретші: Gaetano La Mela