rebranding

Тәтті жүрек. «TOTAL FEST. Диалогтар»

«TOTAL FEST. Диалогтар» ІІІ Халықаралық театр фестивалі аясында «Тотальный театр» компаниясының ұжымы әлемнің түкпір-түкпірінен: Магнитогорск, Омбы, Санкт-Петербург, Мәскеу, Қарағанды, Алматы, Таллин, Венадан келген жасөспірімдер мен жастарға арналған үздік қойылымдарды жинады.

Фестиваль Алматы қаласында 2024 жылдың 7-14 сәуірі аралығында өтеді.

Рөлдерде - Егор Строков

«9 шығармашылық бірлестігінің» ұжымы:

Режиссер - Иван Пачин

Директор - Евгения Злобинская

Қоюшы-суретші - Ольга Золотухина

Музыкалық рәсімдеу - Вячеслав Жуков

Режиссер көмекшісі - Наталья Кирсанова

«27 театр жобасының» командасы:

Жарық суретшісі - Евгений Киуру

Дыбыс режиссері - Юрий Лейкин

Режиссердің көмекшісі - Мария Дидикова/Александра Дмитриева

Продюсерлер - Ксения Шаврина, Анастасия Урусова, Владимир Сергеевский

Директор - Наталья Сергеевская

Сипаттама:

Оқиғаның әңгімесі Трилле есімді 9 жасар бала атынан баяндалады. Көрермендер Щепки-Матильды мүйісінде тұратын Трилле мен оның көрші құрбысы Ленаның шытырман оқиғаларымен танысатын болады. Ленаның қиялынан әрдайым қызықты да қауіпті ойындар туады, ал Трилле өте байқампаз болып келе, осы ойындардың салдары туралы жиә алаңдайды, бірақ екі достың мінез айырмашылықтарына қарамастан, олардың достығы болаттай берік. Қос дос көптеген күлкілі, қиын, өнегелі, кейде тіпті қауіпті оқиғаларға тап болып тұрады. Үлкендердің толғаныстарын бақылай отырып, балалар жақындары мен нағыз достықты бағалауды үйренетін болады. 

Марапаттар:

Әртіс Егор Строков Санкт-Петербургтегі «Үлкен кішкентай адам» фестивалінде сыншылар сыйлығымен марапатталған.

«Трубадур» (Мәскеу қ.) және «Арлекин-2020» (Санкт-Петербург қ.) фестивальдерінің лауреаты

Әртіс Егор Строков - «Арлекин» (Санкт-Петербург қ.) балаларға арналған Бүкілресейлік театр өнері фестивалінде «Үздік ер адам рөлі» номинациясының лауреаты