Jullien Dassin

Би ырғағында

«Би ырғағында»

7 сәуірде «Bel Сanto музыкалық салоны» абонементінің аясында «Би ырғағында» атты концерт өтеді. Оның бағдарламасында – И. Штраустың салтанатты вальстарынан бастап С. Джоплиннің желікпе Рэгтаймы, А. Пьяццолланың әуесқой Libertango биіне дейінгі ырғақты әуендер ұсынылады.

Қазақтың «Вальс патшасы» Шәмші Қалдаяқовтың, басқа да отандық және шетел композиторларының шығармалары «Астана Опера» оркестр әртістері мен жетекші опера солистерінің орындауында шырқалады.