Джазда тек қана қыздар (КАТМК)
Джазда тек қыздар ғана болмайтынын көрсететін жайдары мюзикл. Егер бұл шын болса, онда сахна төріндегі әрекетке де, шынайы өмірде де ырғақ беретін музыка болып тұр екен. Ол өзіне баурап, жағдайлардың шытырмандарына «лақтырып», тұлғалар арасында «саяхаттап», өзінің дегенін орындатқызып, күлкілі сәттерге бірде көз жасқа толтырып, бірде қуанышқа толтырып, жөнелтеді. Алдарымыда 1929 жылғы Чикаго. Екі джаз орындаушылары, Джо саксофонист мен контрабасист Джерри «Ақ қоныштар» атты Коломбо бастаған чикаголық бандиттік тобы жасаған қылмыстың қажет емес куәгерлері болып қалады. Лаңкестердің қолдарынан ажал көруден қашуға ұмтылып, олар гастрольдеп жүрген джаз оркестріне қосылмақшы болады. Алайда кейіннен оркестр ұжымы тек қыздардар тұратыны және өз қатарына олар тек қыздарды ғана алатыны белгілі болып шығады. Жас жігіттер әйел киімін киім, Джозефина және Дафна есімді музыкант-қыздар ретінде түр танытуға мәжбүр болады.
Флоридадағы курорттық қалада гастрольде оркестрмен бірге Душечка есімді солист қыз өнер көрсетеді екен. Джо ол қызға ғашық болып, бірде жас миллионер Джуниордың кейпін, бірде құрбысы Джозефинаның кепін алып, Душечканың жүрегін жаулауға әрекет жасайды. Осымен қатар курортта демалып жүрген қарт миллионер Осгуд Филдинг Дафнаға, яғни Джерриге, ғашық боп қалады екен. Өздерінің махаббат мәселелерімен арпалыста болып, басты кейіпкерлер өздерінің жаулары Коломбоға жақындап қалғанын байқамай қалады. Джо мен Джерри әйтеуір дегенде бандиттерден қашып құтылып, жандарын аман алып қалады. Оқиға соңында Джо мен Джерри сүйіктілеріне өздерінің түрленулерінің құпиясын ашатын болады. Нәзік ойнақылық, жеңіл лебіздер, жағдайлардың айрықшалығы, белсенді билер, бандиттік шиеленістер - осының барлығы Джазда тек қана қыздар» мюзиклінде орын алады.
Қойылымның ерекшеліктері
Бұл мюзиклді Ресейден келген режиссер, «Алтын маска» иесі Сусанна Цирюк сахналаған. Оның қойылымдары әрқашан өзіндік ерекшелігімен және ерекше сүйкімділігімен ерекшеленеді, бұл тұс көрермендердің қабылдауын жақсартады. Жарқын кейіпкерлер, сюжеттегі және кейіпкерлердегі ерекше бұрылыстар, әйгілі суретші Игорь Кутянскийдің заманауи сценографиялық шешімі және Санкт-Петербургтен келген Анна Сорокинаның түпнұсқа костюмдері мюзиклге белгілі бір реңктік береді. Минскіден келген Елена Дмитриева-Лавриновичтің қойылымындағы жарқыраған әзілдер, заманауи билер, әдемі вокал көрермендерді бүкіл қойылым барысында қызықтыратын болады.
Мюзиклде театрдың жетекші вокалистері, хор және балет әртістері өнер көрсетеді.