Ұр тоқпақ
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар» театры
Премьера күні: ақпан 2011
Қоюшы режиссер - Бейбіт Құсанбаев, Мәдениет саласының үздігі
Жанр: халық ертегісі
Ұзақтығы: 1 сағат 15 мин
Жас санаты:
Қосымша:
Халық ауыз әдебиетінде кең тараған ертегінің оқиға желісі егде тартқан қарияның аңшылық құрып жүріп, қазды кездейсоқ тұзаққа түсіруінен басталады. Сол кезде кенеттен қазға тіл бітіп, егер құрығынан босатса, ақсақалдың қалаған арманын орындауға уәде береді. Сөйтіп, Қаздардың ханзадасы – Қазыбай аңшыны өз сарайында қонақ қылып, түрлі сый-сияпат көрсетеді. Алайда, аңқау қария жолай кезіккен қу балалардың алдауына ұрынып, әбден сарсаңға түседі. Соңында Қазыбайдан тоқпақты сыйға алған кейуана, сотқар балалардан есе қайырады. Ұлттық дәстүрде ұтымды безендіріліп, әуезді әнмен әрленген ертегі кішкентай көрермендерге қызықты көңіл-күй сыйлайды.
Қойылым тіл алғыштыққа, тәртіптілікке, шыншылдық пен үлкенге құрмет көрсетуге үндейді.
Кейіпкерлер:
Шал – Бекжан Керімбаев, «Шапағат» медалінің иегері
Кемпір – Диана Смағұлова, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
Қазыбай – Данияр Уразаев,Нұрбек Алибек
1-бала – Нұрбек Әділбек
2-бала – Айсұлтан Жәлиев
3-бала – Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері
Сарай бишілері – Наурыз Сабағатова, Назерке Серікболова, «Үміт» сыйлығының иегері, Қаламқас Мелисова, Шехназа Қызыханова, «Үміт» сыйлығының иегері