Ұр, Тоқпақ
Мекен-жайы: Мемлекеттіл қуыршақ театры, Алматы қ.
Авторы: Қасымхан Бегманов
Қоюшы режиссер: Еркебұлан Қабдыл
Қоюшы суретші: Алтынай Жүсіпәлі
Композитор: Бақберген Байшығаш, Аршын Жолдасхан
Балетмейстер: Гүлсая Тәуірханова
Роль орындаушылар: Эльвира Сүлейменова, Мейрхан Батырханов, Алияр Нұрәділ, Эльмира Кумарова
Жанр: қазақ халық ертегісі
Ұзақтығы:
Жас санаты: 3+
Тұрақ: бар
Қосымша:
Қазақ халық ертегісінің желісімен жазылған, жаңаша режиссерлік ұтқыр шешімдермен өзгешеленетін қазақы ұлттық дүниетаным мен адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін «Ұр.тоқпақ!» қойылымының басты ерекшелігі - қуыршақ кейіпкерлердің сан қырлылығанда.
Аңғал да сенгіш, ақкөңіл де мейірімді ақсақал қошақанын іздеп жүріп, тұзаққа түсіп қалған қазды құтқарып қалады. Қарапайым қазды емес таңғажайып данышпан Қазбайды құтқарған ақсақал мен кемпірі екеуінің өміріне сол сәттен бастап үлкен өзгеріс енеді. Қазбай ақсақалға алғыс ретінде «Піс қазан», «Құс есек» және «Ұр, тоқпақ» атты ерекше сиқырлы сыйлықтар ұсынады...