Ünsız

Адам айналасынан, тіпті өз өзінен оқшаулануға талпына бастағанда үшінші бір әлемнің есігі ашылатын сыңайлы. Сол бір тылсым әлемде тыныштық тауып, үнсіз бір затқа айналсам дейсің кейде… бірақ экзистенциал дағдарыстағы жан дауысы қайда барса да қамалып, өз өзімен күбірлей береді…

Бұл спектакль aLqa жобасы аясында сахналанды. aLqa жобасы еліміз театр өнеріндегі құндылық және көркемдік ізденістер мәселесін нысанға ала отырып, театр мен академиялық орта эксперттерін тоғыстырып, демократия құндылықтарын және театр эстетикасындағы жаңа конвенцияны негіз еткен сапалы туындылар жасалуына ықпал етуді, сондай-ақ, шығармашылық тәуелсіздікті дәріптеуді мақсат етеді. Жоба аясында драматургия, режиссура бойынша курстар өткізіліп, курсқа іріктелген 5 драматург пьеса жазып, 5 режиссер сол пьесалардан спектакль қойды. Драматургия курсын әннәс Бағдат, режиссура курсын белгілі актер, режиссер, театр педагогы Куба Адылов жүргізді.