rebranding

«ҰЛЫ МҰҚАҢА МҰРАГЕРЛЕРІНЕН ТАҒЗЫМ»

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera

Күні: 21 қараша, 2023

Уақыты: 19: 00

Ұзақтығы: 1 сағат 45 минут

Жас шектеуі: 10+

Қосымша:  Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады. 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

 

 

Қазақстан композиторларының вокалдық-симфониялық музыкасы

Қазақ композиторлық мектебінің классигі Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына орайластырылған салтанатты концертте оның шығармаларымен қатар А.Жайымов, А.Жайым, Б.Қыдырбек, Вл.Стригоцкий-Пак, Б.Дәлденбай, Ә.Әбдінұров, О.Хромова, А.Мұхитдин, С.Әбдінұров сынды дарынды заманауи авторлардың туындылары шырқалады.

Бағдарламаға «Астана Опера» театрының опера солистері, хоры және симфониялық оркестрі қатысады.

Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал МҰХИТДИН.