Телефоныма қоңырау түсті (КАТМК)

«Телефоныма қоңырау түсті» пьесасы К.Чуковскийдің «Телефон», «Ұрланған күн», «Тарақан» шығармалары бойынша жазылған.

Әңгімелеушіге түрлі өтініштерін айтып, Піл, Шошқа, қояндар, маймылдар, киіктер, Аю, құтандар, қолтырауын телефон арқылы қоңырау шалады. Ол барлығына көмектесуге тырысады, алайда қолтырауынға көмек көрсете алмапты. Бейшара Қолтырауын қала аш күйінде аралап жүріп, баканы жұтып, содан соң кездейсоқ күнді де жұтып қойыпты.

Бәрі күнді қайтарудың амалын ойластырып жатқан кезде үлкен Тарақан пайда болады. Тарақаннан бәрі шошып, қаша жөнелсе, батыл Бұлбұл келіп, Тарақанды шұқып, көзін құртыпты. 

Қуанғаннан Қолтырауын ықылықтап қалыпты. сөйтіп «Қолтырауын аузынан күн доп түсіп, аспанға қайта оп мініпті!»

Спектакль барысында балалар кейіпкерлермен ойнайтын болады.