Тіл табысқандар
«Ана тілің – арың бұл...»
Ұлттың басты айқындаушы күші – тілі...
Жаһандану кезеңі белең алған ғасырда, ұлттың болмысына төнген ең үлкен қауіп – тіл тағдыры.... Өркениеттің алғы сабында - тіршілік нөпірінде өмір сүріп жатқан қала тұрғындары күнделікті ағыммен тыстағы тіршілікті қойып – отбасылық қарым-қатынаста өзге тілді қолдануының салдарынан «мәңгүрт ұрпақ» қаулап келе жатқаны қоғамда алаңдатушылық үрейін туғызып отырғаны жасырын емес. Отан – от басынан басталады десек, бір отбасының өз тілінде тілдесе алмай, өзге тілде шүлдірлеуі неткен қасірет?!
«Тіл табысқандар» - ауылдан келген Әпкенің, сан-алуан күлкілі жайттарға тап бола отырып ұлт болашағының бесігін тербеткелі отырған жас қыздың шұбарланған тілін – ана тіліне бұруы жайлы көңілді комедия.