Түн
Ағымдағы жылдың –қыркүйегінде тараздық «DEM» жеке театры рухты қаламгер Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімесінің желісімен дайындалған «Түн» спектаклін көрермен назарына ұсынады. Абсурд жанрындағы бір сағаттық камералық форматтағы қойылым.
Оқиға сонау 20 ғасырдың жетпісінші жылдарында орын алады. Автордың əңгімеде оқырманға қалдырған сұрақтарына көпшілік əлі де жауап іздеуде. Спектакльдің кейіпкерлері де осы ізденістің үстінде жүреді. Бұл спектакльде басты кейіпкер жоқ. Басты кейіпкер – сол жылдардағы қоғам.
70-80 жылдардағы жүйе, қорғансыз Арайдың, жадағай тіршілік кешкен қазақ ауылы мен тұрғындардың тағдыры суреттеледі. Бір сағаттық қойылымда көрермен үмітке ұмтылған қорғансыз адам жанының қатегіздікпен айқасын сезінеді.
Спектакль «Рыспаева және К» компаниясының директоры, «А-STATUS» жекеменшік білім кешенінің құрылтайшысы, белгілі кәсіпкер, Мойынқұм ауданының құрметті азаматы Сәуле Мақшанқызы Рысбаеваның демеушілігімен қаржыландырылып, қойылуда.
1.Даумов Дарын
2.Битанов Ерасыл
3.Ақылов Елдос
4.Тұмарбек Айгерим
5.Бетжанова Əлима
6.Елеубай Ерасыл
7.Ермұхамбет Жəнібек