Scorpions в Алматы

Махаббат гүлдері

Концерт

«МАХАББАТ ГҮЛДЕРІ»

(романстар мен әндер кеші)

11 маусымда қоңыр үнді лирико-колоратуралық сопрано иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова қатысуымен «Махаббат гүлдері» атты концерт өтеді.

Бұл ерекше кеш – гүлдер мен музыка сұлулығына арнау ғана емес, сонымен қатар әрбір романс пен әндерде адам жанының тұңғиығында жатқан сезім гүлдері ашылатын шағын қойылым.

Концертте П. Чайковский, С. Рахманинов, Н. Римский-Корсаков, Р.Шуман, Д. Вольф, Г. Форе, Д. Будей, Н. Виетти, Л.Делибтің романстары мен аспаптық шығармалары, сонымен қатар И.Штраус, Ш.Лекок, Ф.Легар, Н.Досталь, Д.Обердің оперетталарынан ариялар орындалады.

Әншінің мәдениетті де романтикалық, байсалды да сүйкімді, рухани әрі лирикаға толы орындау мәнері тыңдарманға музыкамен кездесу қуанышы мен тамаша көңіл-күй сыйлайды.

Сондай-ақ концертке Азат Мәлік (баритон), Шынар Барлықова (скрипка), «Астана Опера» балалар балет студиясының шәкірттері қатысады. Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың лауреаты Раушан Бескемпірова.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады