ТЮЗ им. Н. Сац

Түрлі дауыстар әлемі

2018 / 2019                    Камералық зал            VI маусым

14 шілде * жексенбі * 16.00 (қаз)

«Түрлі дауыстар әлемі»

Опералық дауыстармен танысу

(қазақ тілінде)

Адам дауысы – табиғаттың шебер жаратқан үздік құралы. Нәресте өз жақындарын дауысының тембрі бойынша жеңіл танып, бесік жырын ұйып тыңдайды. Өсе келе бала дауыс бояуының фильмдер мен музыкалық ертегілер кейіпкерлерін сипаттайтынын біледі. Егер сіз балаңыздың келешекте вокалдық классика тыңдарманы болуын қаласаңыз, дайындықты бүгіннен бастаған дұрыс.

Концерт жүргізушілері – театрдың музыкатанушылары опера дауыстарының барлығымен – сопранодан басқа дейін қызықты түрде таныстырады, ал танымал солистер Л.Хамиди, Ж.Бизе, Дж.Верди, Дж.Россини, В.А.Моцарт, А.Холминов, Р.Леонкавалло шығармаларынан әйгілі ариялар мен дуэттерді шырқап; неополитан әндерін және т.б. орындайды. Сондай-ақ, концертте «Астана Опера» театры Балалар студиясының хоры өнер көрсетеді.

 

Фортепиано партиясында – Раушан Бескепмірова

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

Музыкатанушы – Сәуле Мәулетова

 

Ұзақтығы – 50 минут