Үш, төрт, бес
2017 / 2018 Камералық зал V маусым
11 наурыз * жексенбі * 18.00
Концерт
«Үш, төрт, бес»
(трио, квартет және квинтеттің орындауындағы классика)
«Астана Опера» театрының Камералық залында трио, квартет және квинтеттің орындауында камералық музыка шырқалатын «Үш, төрт, бес» концерті өтеді. Жас музыканттар көрермендерге мәңгілік классиканың жаңа қырын ұсынады. Ал ерекше ансамбль құрамындағы өнерпаздар таныс туындылардың тың мәнін ашып, олардың қабылдануын «сергіте» түседі.
Бағдарламада классик-композиторлардың шығармалары орындалады:
Ф.Шуберт. Дауыс, валторна мен фортепианоға арналған «Жартастағы бақташы» триосы, Op.129
В.А.Моцарт. Ішекті аспаптар квартеті №15, ре минор (KV421):
1. Allegro
2. Andante
3. Menuetto (Allegretto)
4. Allegro ma non troppo
В.А.Моцарт. Кларнет пен ішекті аспаптарға арналған «Stadler» квинеті, ля мажор (KV581):
1. Allegro
2. Larghetto
3. Menuetto - Trio I - Trio II
4. Allegretto con Variazioni
КОНЦЕРТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР:
Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)
Манарбек Абаев (кларнет)
Қалқаман Дүйсенбаев (валторна)
Раушан Бескемпірова (фортепиано)
Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:
Әнел Шәкірова (1-ші скрипка)
Гузаль Таджикулова (2-ші скрипка)
Жанар Ахатова (альт)
Курванжан Ахатов (виолончель)
Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады