Алматыдағы "Мармеладовтар" трагифарсы
Өтетін орны: драма театры. М. О. Әуезова
Спектакльдің авторы: Федор Достоевский
Қоюшы Режиссер: Шамиль Дыйканбаев
Сахналаушы: Шамиль Дыйканбаев
Жанр: трагифарс
Жас шектеуі:
Қосымша:
Ф.М.Достоевскийдің әлем әдебиетіндегі ең маңызды романдарының бірі -- біздің театрдың бүгінгі күннің өзекті және өте өткір мәселелері туралы терең ой толғауына түрткі болды.
Мармеладовтар отбасының тарихы «Қылмыс пен жаза» романынының сюжеттік және идеялық түзілімінің ажырамас бөлігі деуге болады. Спектакльде олардың тарихы жалпыдан бөлініп алынады да, әулеттің әкесі Семен Захаровичтің, шиеттей үш баласы бар, өзін сырқат меңдеген Катерина Ивановнаның ашық айтылмайтын шексіз қасіреттеріне назар аудартылады, сондай-ақ Сонечка Мармеладованың өз еркімен құрбандыққа бару себептерін түсінуге ұмтылыс сезіледі. Және де «қор болғандар мен қорланғандар» өмір кешетін әлем оларды өркөкіректене және сайқымазақтана кеудеден кері итереді. Қойылымда отбасы мүшелерінің мұң-зары мен қарғысын тыңдайтын әлдебір жас жігіт оларды зарлы жырымен жұбатуға бейіл.