Сол бір күн. Астана қаласында гастрольдер

«Сол бір күн» - Ярослава Пулиновичтің аты шулы аталмыш пьесасына негізделген туынды, онда қазіргі заманның шын бейнесі күлкіге салынып, ирония және сарказм тәсілімен бейнеленеді. Діттеген мақсатына бар күшін салмақшы болған Мария есімді жас қыздың бір түні басынан кешірген оқиғасы. 

Режиссер туралы: Владимир Владимирович Дроздецкий 1992 жылы Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Мемлекеттік өнер академиясын бітірген. 2004 жылдан бастап Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істейді. 1992-2014 жылдар аралығында Теміртау қаласының жастар театр студиясының көркем жетекшісі болған.

Театрдағы спектакльдердің қойылымдарын қоюшы-режиссер ретінде жүзеге асырады. Театрда жұмыс істеу уақытында Владимир Владимирович өңірлік, республикалық және халықаралық фестивальдарда беделіне жеткен 17 спектакльді сахналады, бірнеше рет дипломант немесе фестивальдардың лауреаты атанды.

Драматург туралы: 1987 жылы Омбы қаласында журналистер отбасында туған. 2009 жылы Екатеринбург театр институтын бітірген (шебер - Николай Коляда). Оның пьесалары Англия, АҚШ, Польша, Эстония, Украина және Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Пермь, Омбы, Красноярск және басқа да қалалардағы көптеген театрларында орындалады. «Голос поколения», «Дебют», «Евразия», «Новая пьеса» («Золотая маска» аясында), «Арлекин», «Текстура», «Долг. Честь. Достоинство» және т.б. сыйлықтардың лауреаты. «Moscow times» газетінің жазуынша, «Наташина мечта» пьесасы ХХ1 ғасырдың басындағы ең үздік орыс пьесаларының ондығына кіреді. Оның Павел Казанцевпен бірге жазған «Как поймать магазинного вора» сценарийі бойынша түсірілген фильм «Дух Огня» халықаралық кинофестивалінде «Бронзовая тайга» сыйлығын иеленді. «Я не вернусь» фильмі Нью-Йорктегі 2014 жылғы Трайбек фестивалінде арнайы еске аталып өтіп, Film by the Sea фестивалінің бас жүлдесін (Влиссинген, Нидерланды, 2014 жыл), сондай-ақ «Лiстапад» XXI Минск халықаралық кинофестивалінде Беларусь Президентінің «Кинодағы гуманизм мен руханият үшін» сыйлығын алды (Минск, 2014 жыл). Адам құқықтары туралы фильмдердің «Сталкер» халықаралық кинофестивалінде (Мәскеу, 2014 жыл) «Я не вернусь» фильмі сценарийі үздік сценарий үшін драматург Валерий Фрид атындағы сыйлыққа ие болды. Қазіргі уақытта драматург Екатеринбург қаласында тұрады.

Актерлік құрам: 

Мария - Ирина Мальчихина;

Алеша - Никита Колесов;

Марияның анасы - Людмила Гулуева;

Лида тәте - Наталья Снегирева;

Анжелика - Анастасия Агафонова;

Андрей - Нурлан Ибраев;

Депутат - Валентин Бухонов;

Григорий - Юрий Блинов;

Игорь - Айдар Мукашев;

Матвей - Роман Гужель;

Ростислав - Владимир Хомутов;

Қара шашты қыз - Ирина Глязер;

Сары шашты қыз - Екатерина Орищенко;

Бармен қыз - Ольга Зверьева;

Православие белсенділері - Наталья Снегирева, Ольга Зверьева, Екатерина Орищенко, Ирина Глязер;

Женя, Сталин - Нурлан Ибраев;

Ваня, Христос - Юрий Блинов;

Бұзақылар - Нурлан Ибраев, Валентин Бухонов.