Өшпенділік дәптері. «TOTAL FEST. Диалогтар»

«TOTAL FEST. Диалогтар» ІІІ Халықаралық театр фестивалі аясында «Тотальный театр» компаниясының ұжымы әлемнің түкпір-түкпірінен: Магнитогорск, Омбы, Санкт-Петербург, Мәскеу, Қарағанды, Алматы, Таллин, Венадан келген жасөспірімдер мен жастарға арналған үздік қойылымдарды жинады.

Фестиваль Алматы қаласында 2024 жылдың 7-14 сәуірі аралығында өтеді.

Қойылым мұғалім тарапынан түсетін қудалау мен кемсіту мәселесін көтереді. Алайда мұнымен шектеліп қоймайды. Оқиғаның басты қозғаушысы ретінде өшпенділік, кек пен кешіре білу тақырыбы жүреді. Адам баласы неліктен өткеннің жарасын қазбалап, кек алуға жаны жақын? Кек алуды өзінің басты мақсаты етіп алған адамның болмысы мен өмірі қандай күйге жетеді? Ақыр соңында өштенген жанның сабасына түсуіне не түрткі болуы мүмкін?

Қойылым негізінде балалар десе төбе шашы тік тұратын мектеп мұғалімінің оқиғасы баяндалады. Өмірінің 37 жылын мектеп тәлімгерлікке арнап, ол көптен күткен зейнетіне шығып, өзінің жәбірлеушілерінен кек алудың оңтайлы сәті түседі. Мұғалім өткір ойлы, тентектерге дәл сәйкес келетін және дөп түсетін кек алу жолдарын ойлап табады, алайда күндердің бір күнінде өзінің ұстанымдарын қайта қарастыруына тура келеді...

Ұжым:

Рөлдерде - Игорь Головин

Жарық суретшісі - Екатерина Лабик/Евгений Киуру

Саунд-дизайнер - Дмитрий Мульков

Дыбыс режиссері - Юрий Лейкин

Продюсерлер - Дарья Курмышкина, Ольга Лепинская

Режиссер көмекшісі - Ксения Шаврина

Директор - Наталья Сергеевская

Марапаттар:

Әртіс Игорь Головин жасөспірімдерге арналған жаңа әдебиет кейіпкерінің бейнесін жасағаны үшін «Монокль» (Санкт-Петербург қ.) моноспектакльдер фестивалінің дипломымен марапатталған