rebranding

Тендерге түскен келіншек

Жазушы –драматург Медеу Сәрсекенің бұл туындысы бір отбасына тосыннан келген тағдыр сынағы арқылы бүгінгі қоғамның бет – бейнесін көрсетеді. Өрісін кеңітіп  немере бағып отырған қарапайым  ата - ана Таубай мен Сағиланың ұлы мен келіні көлікпен адам қағып кетеді... Айып арқалап темір торға қамалған жалғыз ұлды пара беріп құтқару үшін 100 мың доллар керек болады. Бауыр еті баласын  уайымдап, сарсаңға түскен  әке мен шеше, бұл ақшаны қайдан таппақ ? Бұл кесапатқа кім кінәлі? Бұл әлде шолжаң келіннің кесірі ме?

Актерлер: Маржан Бөкешова, Қайрат Мырзаболатов, Ғалия Қорабаева, Еркебұлан Төлеуов,  Айару Мыңжасар,  Асланбев Шайсұлтанов