Театр мен психолог

Психодрама мен қойылымдардан қызығы көп тек психологпен бірге терапиялық әсері бар тілдесу бола алады.

Плейбек-театрдың мағынасы неде?

Көрермендер өздерінің бастарынан оқиғаларын баяндап береді, ал актерлер сахна төрінде сол оқиғаны ешбір дайындықсыз ойнайтын болады. Әрбір жеке оқиға сахналық ғажайып атмосферада нағыз импровизацияланған қойылымға айналмақ.

Қандай оқиғаны айтып берсе болады? 

Кез келген оқиға жарай береді: шағын, тұтас ұзақ, ауыртпашылық туралы, қуаныш туралы, басы жоқ, аяғы жоқ, қарапайым ой толғауының сырын да жертсеңіздер әбден жарайды. Өзіңізге маңызды жайттар туралы айтсаңыздар, плейбей-театрдан алатын әсерлеріңіз мол болары анық. Оқиғаны әңгімелеп берудің өзі сіздерге өз жан дүниеңізді саралауға үлкен септігін тигізеді.

Көрермендермен жүргізуші немесе конлактор тілдесетін болады. Ол сіздің оқиғаңыз бен сахна төріндегі әртістер арасындағы жетекші көпір рөлін атқармақ. 

Сіздер өздеріңіздің оқиғаларыңызды сахнада қойылым ретінде тамашалай отырып, өздеріңізге байқалмаған тұстарға кз салатын боласыздар. Бұл сіздерге қара бұлттай төнген уайымдарыңызды сейілтуге көмектесіп, алаңдаушылықтардан босататын нағыз түрлендіргіш тәжірибе болмақ. 

Көрермен саны шектеулі, адам саны 20-дан аспауы қажет.

Плейбектен кейін шағын антракт, ал одан соң кәсіби психологпен бірге талдау өткізіледі. Психолог қойылымдарды бақылап, оқиғаларды, әңгімелеушілердің қабылдауын және кері байланысын, әсерін саралайтын болады. Антрактіден кейін психолоқ бүкіл қатысушылар үшін топтық консультация өткізеді. Бір ортаға жиналып, өз өткенімізді әңгімелеп, бітпеген істердің бетін жауып, гештальттардың бәрін аяқтайтын боламыз.

Актерлер: 

Алина Абилкаламова
Артур Асланян
Ясения Биндер
Аполлон Корчинский
Диас Муртазинов
Варвара Пинаева
Төре Садвакасов
Павел Топорков
Данила Червяков
Петр Эзау