Scorpions в Алматы

«Елім деп соққан жүректер» мерекелік концерт

Өтетін орны: «QAZAQSTAN» ОКЗ (ЦКЗ) 

Өтетін күні мен уақыты: 7 желтоқсан 19:00

Жанры: эстрадалық концерт

Ұзақтығы: 100 мин.

Жас санаты: 7+

Қосымша:

 

 

 

 

 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақконцерт ел мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосқан өнер тұлғаларына арналған «Елім деп соққан жүректер» атты үлкен мерекелік концерт ұсынады.

Көптеген композиторлар мен ақындар, театр, кино және телевизия жұлдыздары отандық мәдениет тарихында өздерінің жарқын іздерін қалдырып, өнерін туған еліне арнады. Олардың қалдырған мол мұрасы арқылы Қазақстан мәдениеті көркем туындылармен толыға түсті.

Композиторлар – Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Кеңес Дүйсекеев, Сейдолла Байтереков, Әсет Бейсеуов, Нұрғиса Тілендиев, Талғат Сарыбаев;  ақындар – Тұманбай Молдағалиев, Шөмішбай Сариев, Абдрахман Асылбек, Ибрагим Исаев; музыканттар мен әншілер – Яков Хан, Нұрлан Байкозов, Батырхан Шүкенов, Болат Сыздықов; атақты «Азия дауысы» және «Жас қанат» жобаларының негізін қалаушылар Мұрат Иргалиев пен Александр Пономарев. Олардың есімдері мен уақыт сынынан өткен үздік туындылары халқымыздың сүйікті әндеріне айналды.

Бұл мерекелік кеште Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова, Нұрлан Абдуллин, Медеу Арынбаев, Жеңіс Ысқақова, Құрмаш Махан, Ерлан Рысқали, Азамат Жылтыркөзов, Азат Малик, Әміре, Рухия Байдүкенова және өзге белгілі әртістер, сондай-ақ «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Астана сазы» фольклорлық ансамблі, «Saz&Soul» тобы, «Астана мюзикл» театры өнер көрсетеді.

Жанды дауыстағы сүйікті әндер орындалатын «Елім деп соққан жүректер» концертін өткізіп алмаңыздар!

Музыкалық композициялар қазақ тілінде орындалады.

*Құрметті көрермендер!

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Ashyq» жобасының қатысушысы болып табылады.