Scorpions в Алматы

Биле, Павлодар!

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы Халықаралық би күніне арналған «Биле, Павлодар!» мерекелік концертіне қуана шақырады!

«Биле, Павлодар!» - бұл тек жағымды эмоцияларға толы аса ірі және көптен күткен мәдени іс-шара! Тұңғыш рет «Шернияз» ансамблінің шақыруымен Т.Жүргенов атындағы Ұлттық академияның түлегі, Қазақстан Республикасының мәдениет үздігі Нұрлан Бековтың басшылығымен облыстың жетекші хореографиялық ұжымдары бір үлкен сахнаға жиналады. «Magic Dance» эстрадалық-спорттық би ансамблі, «Жасмин», «Блэйз», «Томирис» эстрадалық би студиялары, сондай-ақ «Шаңырақ» үлгілі хореографиялық ансамблі мен Әлима Мәкітованың «Кавказ» би студиясы өздерінің үздік стильді қойылымдары мен қызықты премьералық сюжеттерін ұсынады . Көрермендерді ең күрделі хореографиялық элементтерін және би әлеміндегі соңғы үрдістерін пайдалана отырып жасалған көркем композициялардың нағыз өнер шашуы күтуде.