Үш адамды танго
Қойылымның басты кейіпкері Эдда - өмір жолын оңай кешетін, молшылыққа үйренген, жасы келген, бірақ бейқам әрі сұлу әйел. Әр кеш сайын Эдда қонақ күтеді, алайда оның халін сұрап ешкім келмейді, қоңырау шалып іздемейді. Қартайған шағында жалғыз қалып, шынайы әлемде болғысы келмей, ол ойдан шығарылған әлемде өмір сүреді. Фоке есімді қызметшісіне үй иесінің «керемет жастығы» мен «сәнді өмірі» туралы әңгімелерін күн сайын тыңдауға тура келеді. Бірақ бір күні оларға Элио есімді жас жігіт келіп, Эддаға оның жастық шағын есіне салады... Мәселелер мен құпиялар біртіндеп ашылатын терең мағыналы және қызықты сюжетті қойылым көрермендерді өмірдегі маңызды сәттер туралы ойлануға итермелейтін болады.
Достармен бөліс
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!