rebranding

Талғат Полатовтың «My live with accordion» альбомының тұсаукесер-концерті

La Boheme театры Талғат Полатов альбомының тұсаукесеріне қуана шақырады

Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты, аккордеондағы дарынды орындаушы Талғат Полатов сіздердің назарларыңызға өзінің «My Live with Accordion» атты жаңа альбомын ұсынады.

Концерт бағдарламасында:

Талғат Полатовтың авторлық композициялары

Атақты Libertango Астора Пьяццолла

Францияның танымал әуендері

Қазақ күйі

Сіздерді түрлі мәдениеттер мен дәуірлердің атмосферасына баурай түсетін шебер туындылардың жанды орындауынан ләззат алу мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар.

Сіздерді осы ұмытылмас музыкалық кеште күтудеміз!