«Тал бесіктен – жер бесікке...»
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ӨТЕДІ
Ата-бабамыздан мұраға қалып, өмірімізге берік енген көне мейрам Көрісу айты Наурыз мерекесінен бір апта бұрын тойланады.
Бұл күні (14 наурыз) көшпелі өмір салтын ұстанып, негізінен мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы мал басын санап, қыстың ызғарынан құтылғанына қуанған әрі көктемнің келуімен бір-бірін құттықтаған. Дәстүр бойынша, ең алдымен, қарт туыстарына, әулеттің үлкендеріне барып, құрмет пен ізет көрсеткен.
Міне, бүгінгі Көрісу күні де адамдар бір-бірімен ашық-жарқын қол алысып, ерекше сезіммен көрісуде: «Береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Бір жастарыңызбен!».
Көрісу айтына арналған құттықтаулар мен ізгі тілектер ретінде Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры ұсынатын «Тал бесіктен – жер бесікке...» мерекелік концерттік бағдарламасында халық әндері мен Қазақстан композиторларының шығармалары шырқалады.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық хоры
Көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері –
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамова
Бас хормейстер – Данара Ташатова
Концертмейстер – Гүлден Базыкен
Солистер:
Жұбаныш Зетова, Әділ Сұлтан, Ақжол Серіков, Абылай Ерболат, Жандос Байбосынов, Мейрам Айтмағанбетов, Диана Ермағанбетова
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.