Табалдырығыңа табын

Автор: Т. Нұрмағанбетов

Премьера күні: 15.02.2019

Режиссёр: А. Салбанов

Жанр: драма

Ұзақтығы: 60 минут

Жас санаты: 12+

 

 

 

 

 

 

Қойылымда ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастар тақырыбы терең қозғалады. 

Пьесаның басты кейіпкері  Жөкен   қаладағы ұлына қанша жыл өткеннен кейін халін біліп, немересін көруге келеді. Ізетті келіннің жүзін көрем деп келген әке шыны шайын сұраумен берген  келінді көреді, оқ жонар немерені көрем деп келіп тас қаланың тынысына тұншыққан немерсімен кезігеді. Құдасымен де сол уйде алғаш рет жолығады.

Ал ұлы Толасбайды тіпті көре алмай, жүздесе алмай келінінің асықтыруымен, айтқан сылтауларының астарын түсінген Жөкең елге қайтады. Маңсап қуып кеткен ұлы табалдырығын ұмытып, өз қара шаңырағын ойламауы, тіпті хал білісіп, хат жазбауы әкені де ананы да қинайды. Жалғыз ұлдың анасының жаназасына келмеуі... Бір әйелінің сөзінен аса алмауы... Толасбайдың тексізге айналып бара жатқандығы емес пе? Ондай ұлдар бүгінде аз ба, көп пе?