rebranding

Ұйқыдағы ару

Петр Чайковский

«ҰЙҚЫДАҒЫ АРУ»

Прологы мен Эпилогы бар 2 бөлімді балет

Либретто авторлары Мариус Петипа мен Иван Всеволожский

Шарль Перро аттас ертегісінің желісі бойынша

Мариус Петипа қойылымы (1890)

 

Жаңа хореографиялық редакция және қойылым авторы КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтар лауреаты Юрий Григорович

 

Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айдар Әбжаханов.

 

«Ұйқыдағы ару» – эмоционалдық ықпалының күшімен, көркемдік шешімдері мен түрлі бояуларымен таңдандыратын П. Чайковскийдің теңдессіз туындысы. Балеттің керемет музыкалық өрнегі, жақсылық пен жамандықтың қарсылығы саналатын екі әуен – Мамыргүл перісі мен Карабос перісінің музыкалық тақырыптарынан тұрады.

Петр Чайковский «Ұйқыдағы аруды» жазуда хореограф Мариус Петипамен біріге жұмыс жасады. Екі данышпан тұлғалардың бірлесе еңбектенуінің арқасында музыкасы мен хореография тамаша үйлескен қойылым өмірге келді. Балеттің тұсаукесері 1890 жылдың 3-ші қаңтарында Мариин театрында өтті. Осы кезден әлемнің көптеген сахналарында қойылып келген «Ұйқыдағы аруда» ылғи Петипаның мінсіз хореографиясы негіз ретінде алынуда, дегенмен әр балетмейстер өзіндік ерекшеліктерін еңгізуге тырысады.

«Астана Опера» сахнасында «Ұйқыдағы ару» балетін бүгінгі күннің әйгілі балетмейстері Юрий Григорович, басқа балетмейстерлер сияқты балаларға арналған ертегі немесе көңіл көтерерлік феерия ретінде емес, Петр Чайковскийдің музыкасына сәйкес рухани поэма ретінде ұсынды.

 

 

Бір үзілісті қойылым

Ұзақтығы – 2 сағат 40 минут

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады