СПЛИН в Алматы
Ақын әрі музыкант Александр Васильевпен бірге бір заманда өмір сүруіміз мақтанарға тұрарлық, дәл осы себептен питерлік «Сплин» тобы Қазақстан төңірегінде тағы бір мәрте үздік шығармаларымен өнер көрсетпек.
Осыдан 20 жыл бұрын орасан зор мәртебеге ие болған «Сплин» тобы бір орында тұрған жоқ. Дыбыс пен әндер тақырыбы өзгерсе де, сан түрлі стильдермен батыл тәжірибе жасай отырып, музыканттар өз мақсаттарына адал болып қалады.
Мағынасы терең ән сөздері, алғашқы тыңдаулардан-ақ есте қалатын сапалы музыка, Васильевтің әуені мен вокалы, бір сауыттағы депрессия мен романтика - «Сплин» альбомдарының басты ерекшеліктері осында.
«Сплин» тобының жетекшісі Александр Васильев әр әнді тұспалды хабар деп санайды. Бөтен адам бұл терең мағыналарды ұстап білмес. Алайда әнді жүрегімен тыңдап, жұмбақ кілтін таба білген жан бей-жай қалмайтыны сөзсіз.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

