«Махаббат тұтқындары» қойылымы Ақтөбеде
Рождество - ғажайыптар уақыты. Осындай ғажайыпты көруге Екатерина Ивановнаның да сәті түсті: оған американдық компанияның агенті Скотт Русецки келіп, жарнамалық ұсынысын таныстырады, ал оқиғаның өрбуі Екатерина мен Скоттың үйленуіне дейін әкеледі екен. Бір сөзбен айтқанда, қос жандар бір көргеннен ғашықтық дертіне шалдыққан болып шығады. Скотт сүйіктісін Америкаға шақырады, ал Екатерина олардың Ресейде тұру керектігіне көндірмекші. Кенеттен (тағы бір рождестволық ғажап) о дүниеден келгендер бұл мәселеге араласпақшы болады, олар - Скоттың марқұм әйелі Дебора мен Екатеринаның марқұм күйеуі Григорий. Қарым-қатынас дауы өрби түседі: қызғаныш сезімі де, шовинизм де, өтпеген реніштер де орын алады... Арақ-шарап дауларды ушықтырып, көркем сөздерін аямаған әр жақ өз ойын еш жасырусыз наздайды. Таң уақытымен тыныштық орнайды. «О дүниеліктерге» өайту керек. Ал Екатерина мен Скотт осы дүниеде бақытты өмір сүру үшін өз қарым-қатынастарын қалайша дұрыстауға болатыны туралы толғанады.