«Централ Парк» қойылымы
Қойылымның оқиға желісі Нью-Йорктің дәл ортасында орын алады. Осы ауданда тұратын ерлі-зайыпты жұп Джульет есімді жас студент қызды дау арасына араластыра отырып, өзара қарым-қатынасын қызу талқыға салуда. Филлис есімді психоаналитик күйеуі Сэмнің сатқындығы туралы біліп, өзінің өмірінің дұрыс не бұрыстығын анықтауды көздеп, күйеуімен, жақын құрбысы және оның күйеуімен дауға түсуде.
Спектакль әйгілі драматург, сценарист және кинорежиссер Вуди Алленнің пьесасы бойынша негізделген. Біздің спектакльде отбасылық құндылықтар, адалдық, махаббат пен достық туралы маңызды тақырыптар көтеріледі. Қойылым бойы сіз шын жүректен күліп, махаббат пен достықтың күші туралы ойлана аласыздар. Жобамыз оқиғаның қыр сырын сезіну жарқын әрі қызықты болуы үшін көрермендердің аз санына есептелген. Екі камералық кеңістікте Шекспирдің туындыларына тән шытырмандар өрбиді.