«The Zoo Story» Қойылымы
Қойылым Нұрсұлтан Назарбаев қорының грантының иегері
Қоюшы-суретші: Әйгерім Бекмұхамбетова
Бейне суретшісі: Вероника Медведева
Жарық суретшісі: Екатерина Злобина
Дыбыс бойынша суретші: Яна Феникс, Даниил Давлетов
Режиссер көмекшісі: Елена Иванова
Американың көрнекті драматургі Эдвард Олбидің аттас пьесасы бойынша қойылған спектакль (Драматургтер гильдиясы кеңесінің мүшесі; драма саласындағы үш Пулитцер сыйлығының иегері; Америка өнер және ғылым академиясының мүшесі болып сайланды; 1985 жылы американдық театрдың Даңқ залына енгізілді)
Оқиға желісі Нью-Йорктің Орталық саябағында орын алады.
Екі бейтаныс және табиғаты бойынша бір-біріне мүлдем ұқсамайтын жандар кенеттен әңгімеге түседі. Питер - қарапайым американдық жігіт, қалыпты өмірді ұстанатын, орташа адам, Джерри - тағдыр тәлкегін көтерген болмай қалған философ. Оның мінез-құлқы мен сөйлеу мәнері ерекше эксцентрикалық, ақылға сыймайтын, парадоксальды, болжауға келмейтін деген сипатқа ие, сондықтан да алғашқы минуттан бастап-ақ басым рөлді Джерри атқарады.
Джерри еш тынбай және жасқанбай, жан айқайын сыртқа естірту үшін өмірінің жеке бас оқиғаларын түгін қалдырмай жаудырады. Питердің жүзінен жалған тыныштық бетпердесін кетіру үшін барлық әрекеттерге барады.
Кездейсоқ тыңдарманды өз тілінің тұтқынына алып, оны өзінің жеке фаворитіне, тәқуасына және жан алғышына айналдырады.