«Төңкерілген адамдар» қойылымы
Дос деген кім? Сөзің дұрыс болса да, бұрыс болса да, сенің жағыңда болатын адам ба? Әлде сенің көзқарасыңды сұраққа салуға жігері жететін шыншыл адам ба? Дос жылатып айта ма? «Без причины» дуэті ұсынған «Төңкерілген адамдар» қойылымы - бұл біздің бес күндік жалған әлеміміздегі орын алып жатқан тұрпайы дүниелер туралы спектакль-диалог. Анаңыз нені уайым етеді? Досыңыз не туралы қынжылады? Бәлкім, өзіңізді не толғандырып жүргенін білетін шығарсыздар?
Терапия ретінде қабылдап, ұдайы келіп тамашалауға тұрарлық қойылым. Бәрін қиындатып, өз жолымызды өзіміз кесіп, өзімізге және жақындарымызға ойға қонымсыз талаптар қоюды әдетке айналдырғанбыз.
Ал егер бос сылтауларды тастап, бар кедергілерді өз орнында - миымыздың қатпарында қалдырсақ не болмақ? Таңертең оянып, айналаңызды мүлдем танымаған сәттер өміріңізде болып па еді? Құдды бір өміріңіздегі барлық шешімдер сіздің тарапыңыздан қабылданбай, ал жаныңызға жақын құндылықтардың барлығы жалған дүние боп шыққандай болды ма?
Мұндай жағдайда сіз не істер едіңіз? Бәрін алып, бір сәтте төңкеріп тастағың келетін жалған әлемде біздің орнымыз қай жерде табылмақ?
Ал сіз өз өміріңізді төңкеруге дайынсыз ба?