«Өзінің тілеп алғаны сол» қойылымы Алматы қаласында

Назар аударыңыз! Билеттер айырбасталмайды және қайтарылмайды.

Ренжіген, алданып, ашуға долыққан әйел заты «Өзінің тілеп алғаны сол» десе, еш қателеспегені. Театр, махаббат, өмір, қызғаныш, тылсым күш, шынайы өмір - осының бәрі шиеленісе арпалысқа түскен жағдайға тап болған комедия кейіпкерлерінің оқиғасы. Ауылдық театрдың жанға батар, екі езулетіп күлдіретін өмірі қайғылы түрде аяқталғалы жатыр... Бірақ махаббаттың күші оңайлықпен беріле қоймас.