«СПАРТАК»

2020 / 2021                 Үлкен зал                  VIІІ маусым

10 ақпан * сәрсенбі * 19.00

 

 

Арам Хачатурян

«СПАРТАК»

3 бөлімді балет

Қоюшы хореограф – Юрий Григорович, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтар лауреаты

Қоюшы суретші – Симон Вирсаладзе, КСРО Халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтар лауреаты

Дирижер – Арман Оразғалиев

Қойылым жетекшісі және қоюшы хореографтың ассистенті – Руслан Пронин, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі

Қоюшы хореографтың ассистенті – Оксана Цветницкая

Жаңғырту бойынша суретші – Михаил Сапожников

Костюмдерді жаңғырту бойынша суретшілер –  Людмила Иус / Елена Нецветаева-Долгалева

Жарық бойынша суретші – Алексей Перевалов

Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

 

1941 жылдың желтоқсанында Ұлы Отан соғысының ең қайғылы күндерінде әйгілі армян композиторы Арам Хачатурян «Спартак» балетін жазуға кірісті. Композитордың пікірінше, Спартактың ержүрек бейнесі мен көне Рим құлдарының көтерілісі туралы тақырып ерекше маңызға ие: «Халықтар адамгершілік тарихы таңында өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен адамдарды біліп, оларды еске алуы керек».

Терең мазмұнға ие «Спартак» балеті – шапқыншылық пен жәбірленушілікке қарсы күрес, трагедиялық қайтымсыз ашу, өшпес ерлік туралы шынайы поэма.

«Спартак» премьерасы 1956 жылдың 27 желтоқсанында Киров атындағы Ленинград опера және балет театрында (Мариин) кеңестік кезең балетмейстерінің бірегейі Леонид Якобсонның қойылымында өтті.

1968 жылы Мәскеудің Үлкен театрында кеңестік балеттің шебері Юрий Григорович «Спартактың» жаңа қойылымын жүзеге асырды. Ол Л. Якобсон қойылымынан үлкен психологизмімен, қайғылы шиеленісімен ерекшеленді. Әйгілі театр суретшісі Симон Вирсаладзенің жұмысы да мінсіз болды. «Спартак» балеті – музыка, хореография және сурет өнерлерінің шынайы үйлесімділігінің үлгісі болып табылады.

Міне, бірнеше онжылдықтар бойы «Спартак» балеті әлемнің көптеген театрлар репертуарының бет бейнесі болып келеді.

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Спартак – Бақтияр АДАМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Фригия – Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Красс – Арман УРАЗОВ

Эгина – Аделина ТӨЛЕПОВА

 

 

Ұзақтығы – 3 сағат (екі үзіліспен)