Қарлы Вальс Алматыда
Режиссер Олег Ильин
Рөлдерде:
Театр және кино актрисасы Мария Порошина
Театр және кино актері Ярослав Бойко
«Қарлы Вальс» қойылымының негізінде заманауи ағылшын драматургі Питер Куилтердің «Қарда арбалғандар» пьесасы тұр. Бұл автордың туындылары 27 тілге аударылып, 40-тан астам елдердің сахна төрлерінде орындалған болатын.
Рөлдерді сомдайтын: Мария Порошина және Ярослав Бойко.
«Қарлы Вальс» романтикалық комедиясының оқиғасы қарлы боранның аясында орын алады.
Барлығы контраст негізінде құрылған: терезе сыртындағы қарлы өркендердің суық бейнесі мен нәзік, енді жанданып келе жатқан жылы сезімдер. Оқиға желісінің бар көңілі Джудит және Патрик есімді екі жалғыз басты жандардың қарым-қатынасында шоғырланған.
Олар бір-біріне көрші келеді, алайда бұрын-соңды бірін-бірі көрмеген екен. Өз еркімен бе, әлде мәжбүрлі ме, оқшауланған, өз-өздерімен өмір сүретін жандардың жоспарларына табиғат күшімен сызат түсті.
«Екі жарты бір бүтін болды: су мен тас, өлең мен проза, мұз бен жалын». Джудит пен Патрик толықтай әртүрлі болса да, оларды жалғыздық ортақтастырады.
Екі түрлі тұлғалардың кезігуі әзілкештік жағдайлардың сан алуанын тудыртады. Кейіпкерлер бірін-бірі келеке етіп, әдеттерін ирония астына салып, кез келген себеп бойынша әзілдерін дайындап отырады. Қойылымдағы романтика әзіл мен өзіндік ирония элементтерімен әсем көмкерілген.
Сіздерді есебі жоқ күлкі мен біраз қарлы ғажаптар күтуде. Адам баласы дәл осыны арман етпей ме, шіркін?