rebranding

«Мұз патшайымы» Астана Балетте

Кәсіби әртістердің би тілімен айтылған әйгілі дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің керемет ертегісіне негізделген керемет қойылым маэстро Арман Оразғалиевтің жетекшілігімен театрдың симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтпек. 

Заманауи хореографияның лексикасы арқылы бала кезімізден таныс Мұз патшайымы мен батыл Герда туралы жақсылық жамандықты жеңіп, махаббатқа толы жүректе нағыз күштің жасырылғанына көрермендердің көзін жеткізетін оқиға баяндалатын болады. Бұл нағыз махаббат пен достық туралы, адалдық пен жылы жүректің суық мұзды ерітіп, зұлым сиқырларды бұзуға қалай көмектесетіні туралы хикая. 

Сахнада сиқырлы би өнерінің күшімен бала кезден таныс бейнелер жанданатын болады. Бұл балет таныс ертегі кейіпкерлерінің жаңа қырларын ашып, бір сиқырлы бейнедегі бояулардың, музыканың, қозғалыстардың жарқын әлемін өрбітеді. Бұл - өнердің мәңгілік әрі тамаша құпиясының үлгісі.