«Сирано де Бержерак». М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының гастролі Алматы қаласында
Эдмон Ростанның «Сирано де Бержерак» романтикалық драмасының классикалық қойылымын Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Алтын маска» ұлттық театр сыйлығының лауреаты, режиссер Сергей Федотов, «У Моста» театрының (Пермь қ., РФ) негізін қалаушы және көркем жетекшісі қойған.
Режиссер 17 ғасырдағы Францияның бейнесін үйлесімді сақтауға тырысты: түстік және жарықтық рәсімдеу фрамандық суртешілер туралы ой салады, костюмдер мен безендірулер «Шекпен мен қылыштар» туындыларының атмосферасына теңеседі. Еркектер батыл да қатал, ар-ұждан мен ақиқатқа берік тұрып, Отан үшін жанын пида ететді. Әйелдер нәзік әрі сыпайы, алайда рухтың күшімен еркектерден еш қалыспас, сондай-ақ өздерінің сұлулықтарын іске жаратып, өз дегендеріне шапшаң түрде жетеді. Алайда жарқын киімдер мен әсерлі шайқастар қойылымның басты идеясы туралы еш ұмыттырмай, жан дүниесі бай, ақыл-ойы терең, түр-әлпеті ақаулыққа душар болған адам трагедиясын шебер айқындайды. Сүйіктіңнің жүрегін аулауда келбеттің маңызы соншалықты жоғары ма? Әлде шынайы сезімдер кез келген сырт келбеттен асып түсіп, жан дүниенің нағыз сұлулығын ашады ма?
Қойылымда өнер көрсететін актердер: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның халық әртісі, РФ Достық орденінің иегері Сергей Матвеев, Максим Ященко, Анастасия Понеделкова, Иван Анопченко, Илья Соболев, Олег Федоренко, Мария Бандышева, Евгений Карачаров, Игорь Седин, Болат Кирибаев, Екатерина Матасова, Диас Қожантаев, Юрий Козулев, Сағи Саржан