Симфониялық телепортациялар. Вена

2024 жылдың 20 қыркүйегінде сағат 19.00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның (Кенесары к-сі, 32) концерт залында Симфониялық оркестрдің «Симфониялық телепортациялар. Вена» атты концерті өтпек.

Әлемдік музыка тарихы қалыптасқан әсем Вена қаласына бір сәт аттанайық. Классицизм және неміс романтизмі сияқты өнер әлеміндегі ең маңызды бағыттар құрылған қала. Көптеген әйгілі композиторлар өз жолын бастап, шабыт тапқан өнер қаласы. Концерт бағдарламасында белгілі опералардың речитативтері мен ариялары, В.А.Моцарттың «Фигароның үйлену тойы» және «Дон Жуан» сияқты композиторлардың жарқыраған полоктары мен таңғажайып вальстары, Иоганн Штраус, Йозеф Штраус, Йозеф Ланнер, Карл Михаэль Цирер, И. Штраустың «Жарқанат» опереттасынан Аделидің куплеттері, Франц фон Зуппенің «Прекрасная Галатея» опереттасынан увертюрасы, сондай-ақ Ф.Шуберттің № 5 Симофниясы орындалады.

Нұрланған, жеңіл ойға және қайталанбас тартымдылыққа толы мелодиялар жапондық дирижер Коки Гонгуй Янг жетекшілігімен симфониялық оркестр мен солистердің шебер орындауында ұсынылмақ.

Күншығыс елінен келген Коки Гонгуй Янг бес жасында фортепиано мен эрхуда (дәстүрлі қытай скрипкасы) ойнауды үйрене бастаған. Токиода бастауыш білім алғаннан кейін Орталық консерваторияның орта мектебінде эрху оқуын жалғастыру үшін Бейжіңге көшті. Батыс музыкасына деген жаңа құштарлықты байқаған Гонгуй Янг Чэнь Биньден оркестрлік дирижерлықты үйренуге кірісті. Орта мектепті бітіргеннен кейін ол Музыка және орындаушылық өнер университетінде Йоханнес Вильднер мен Юджи Юастың жанында білім алу үшін Венаға көшті. Скрипкашы ретінде ол Вена филармониясының бұрынғы концертмейстері және барокко дәуірінің скрипкашысы Жозелин Райнердің тәлімгері болу бақытына ие болды. Бұл арада Сэйдзи Одзава Гонгуй Янгтың музыкалық дарынын мойындады және 2014-2017 жылдар аралығында үнемі дирижерлік сабақтарын өткізіп тұрды, бұл оның музыкалық шабытының маңызды көзі болып шықты.

2022 жылы Вена музыка және орындаушылық өнер университетін бітіргеннен кейін Гонгуй Янг Вена радиосының симфониялық оркестрімен бірге Вена Алтын залында Рихард Штраустың «Роз кавалері» сюитасына сәтті дирижерлік етті. 2023 жылдың қаңтар және ақпан айларында Қазақстандағы Петропавл симфониялық оркестрі мен «Астана Опера» симфониялық оркестріне дирижерлік етті. 2023 жылдың наурызында ол Токиодағы Риккардо Мути итальяндық опера академиясына қатысуға шақырылды. 2024 жылы Гонгуй Янг 2023 2024 жылдардағы концерттік маусымда Балаларды қорғау күні Шэньчжэнь симфониялық оркестріне дирижерлік етіп, өзінің шеберлігі мен бірегей музыкалық интерпретациясы үшін кеңінен танылды.

Қазіргі уақытта Гонгуй Янг Түркияның Ұлттық операсы мен балетінде дирижер Джузеппе Монтесаноның көмекшісі және «Астана Операның» тұрақты шақырылған дирижері болып табылады. Ол сондай-ақ Вена музыка және орындаушылық өнер университетінің Веберн симфониялық оркестрімен, Телерадио Молдова ұлттық симфониялық оркестрімен, Румыния Брашов филармониясымен және Венгрия ұлттық симфониялық оркестрімен бірнеше рет ынтымақтасқан. Түрлі музыкалық дәстүрлерді терең түсіну және Гонгуй Янгтың практикалық ноу-хауы көптеген оркестрлердің бірауыздан мақтауына ие болды.

Концертке солистер қатысады:

Қазақстан мен Татарстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері - Нұржамал Үсенбаева,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері - Азамат Желтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ;

халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты - Алтынбек Әбілда;

халықаралық байқаулардың лауреаттары - Фируза Рахметова, Эльмира Шпекпаева.

Симфониялық оркестрдің көркем жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Абзал Мұхитдин.

Бас дирижер «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері - Қалқаман Дүйсембаев.

Біздің бірегей «Симфониялық телепортация» мәдени кеңістігімізге әлемдік ақындар музыкасымен бірлікте тамаша кеш өткізуге шақырамыз.