Қалжыңбастар. Қарағанды бойынша гастрольдер
Кедей, қызметінен кеткен жер иесі Оброшенов кіші қызы Верочканы күйеуге береді. Күйеу бала - тегі Гольцов кедей, бірақ кішіпейіл жігіт. Үйлену тойына дайындықтын шырқын күтпеген түрде анықталған жағдай бұзады: жас жігіт анасын жерлеу рәсіміне әлдебіреудің ақшасын жұмсапты, сондықтан қарызды шұғыл дереу қайтару керек екен. Алайда, ауқатты көршілері Гольцовты құтқаруға асық емес, еш аяушылық танытпай күлкі астына салады. Оброшенов таныстарынан көмек сұраса, олар шенеунікті келемеждеп, одан әрі ашуына тиеді. Бәрін ақша басқаратын қоғамда адалдық пен тектілік мазақ астында қалады. Бұл шиеленіскен жағдайды реттеу тек көпес Хрюковтың қолынан келеді. Көрермендердің алдында махаббатын түрлі үлгілері ұсынылатын болады: шынайы және өтірік, қайғылы және жауапсыз махаббат. Қойылым тақырыбы мәңгілік, барлық заманға және барлық ұрпаққа өзекті екені сөзсіз.