Шинель. Фестиваль

Өтетін орны: Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 25, Сәкен Сейфуллин атындағы Театр

Театр: Түркістан музыкалық-драма театры

Автор: Н. В. Гоголь

Композитор: Ербол Нариманұлы 

Қоюшы-Режиссер: Фархад Молдағали

Жанр: 

Ұзақтығы: 

Жас шектеуі: 

Қосымша:

 

Басты кейіпкер — Акакий Акакиевич Башмачкин департаменттегі жұмысына аса ұқыпты болатын. Ол құжаттарды қолмен көшіріп жазудан рахаттанатын. Соған қарамастан оның қызметкерлер арасында ешқандай беделі жоқ еді. Башмачкинді жас шенеуліктер келемеждеп, күлкіге айналдыратын еді.

Бір күні Акакий ескі шинелінің тозығы жеткенін байқады. Ол оны тігінші Петровичке апарды. Жамап-жасқап кие тұрармын деген ойы іске аспады. Тігінші жөндеуге келмейтінін айтып, жаңа шинель тіктіруге кеңес берді.

Башмачкин жаңа шинель тіктіру үшін барлық  шығындарынан бас тартып, жаңа сырт киімге қол жеткізді. Департаментке оны киіп келген күні мақтау мен құттықтауға көміліп қалды, тіпті кешке жаңа шинельді болуын қызметкерлермен бірге атап өтті. Түн ортасында үйіне қайтып келе жатқан Акакийдің шинелін біреулер шешіп алады. Ол ескі шинелін қайта киіп департаментке барады. Шенеуліктер оған «маңызды тұлғаға» барып көмек сұрауды ұсынады. «Маңызды тұлға» Башмачкинге айқайлап, өзінің «маңыздылығын» дәлелдеумен болады. Ештеңе түсінбей дал болған Акакий көшеге шығады. Ескі шинелінің қуыс-қуысынан суық жел үрлеп үйіне келе сала төсек тартып жатып қалады. Бірнеше күннен кейін Башмачкин дүние салады. Сонан соң ол «шенеулік бейнесіндегі» елес болып қайта оралып «маңызды адамның» шинелін шешіп алғанша жаны жай таппайды.