Шекпен
Жасөспірімдер және ересектер аудиториясына арналған «Шекпен» қойылымы ескі шекпені әлеуметтік мәртебесінің символына айналған Акакий Башмачкин есімді қарапайым шенеуніктің елеусіз өмірін баян етеді. Тігіншінің кеңесінен шабыт алған Акакий жаңа шекпенге тапсырыс беріп әріптестерінің үлкен таңданысын тудырады.
Алайда, жаңа шекпен үшін белгісіз адамға тоналып, зардап шеккен оның қуанышы қайғыға ұласып, көңіліне көлеңке түседі. Айналасынан әділеттілік іздеген Акакий, асқан немқұрайлылық пен қатыгездікке тап болады. Терең философиялық астарға ие қойылымда режиссер адам табиғатына тән екіжүзділік, қызғаныш пен қатыгездік сынды қараңғы жақтарды ерекше режиссерлік және сценографиялық шешімдермен, түрлі символдармен көрсетеді.
Өмірлік құндылықтар мен әділеттіліктің маңызын дәріптейтін қойылым көрермендерді «адам» болуға үндейді.