Scorpions в Алматы

«ШЕХЕРАЗАДА»

Михаил Фокиннің «Күміс ғасыр балеттері»

Онлайн-көрсетілім

«ШЕХЕРАЗАДА»

(Н.Римский-Корсаковтың музыкасына қойылған бір бөлімді хореографиялық драма)

•           Өтетін орны: Үлкен зал

•           Ұзақтығы: 1 сағат

•           Күні мен уақыты: 26 қыркүйек 2020 / сенбі / 18:00

•           Жас шектеуі: 10+

 

«Мың бір түн» араб ертегілерінің желісімен

сценарий жазған Михаил Фокин

Хореография авторы – М.Фокин (1910). Реконструкция авторы – А.Лиепа

Декорациялар мен костюмдер Л.Бакст эскиздері негізінде жасалған

 

Қоюшы хореограф – Андрис Лиепа, Ресейдің Халық әртісі

Қоюшы хореографтың ассистенті – Светлана Романова

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Қоюшы суретші – Анатолий Нежный

Костюмдер бойынша суретші – Елена Нецветаева-Долгалева

Жарық бойынша суретші – Виталий Давыдкин

«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі –

Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

 

 

Сарайда іші пысып, жабырқаулы күйде отырған сұлтан Шахриарды күңдер мен сүйген жары Зобеида жұбатып, көңілін аулауда. Сұлтанның інісі Шахезман да осы жерде, сүйікті жұбайының опасыздығынан кейін ол әйелдерге деген сенімін жоғалтқан. Жеңгелеріне де сене қоймаған ол ағасына олардың адалдығын сынап көру жайлы ұсыныс тастайды. Аң аулауға аттанған екеуін әйелдері көңілдері босап, шығарып салады. Алайда үй қожайындары кете салысымен, әйелдері белсіздер басшысын алдап-сулап, гарем есігін ашқызады. Қара нәсілді құлдар ішке кіріп, арсыз жын-ойнақ басталады. Мұнда билік етуші Зобеида да өзінің сүйікті Құлымен көңіл көтеруде. «Сауық-сайран» қыза түскенде ағалы-інілі сұлтандар қайтып оралады. Шахезман сөзінің расталғанына қуануда, ал қаһарланған Шахриар осы жердегінің бәрін өлтіруге бұйрық береді. Сұлтанның қызметшілері күңдерді, белсіздер мен қара нәсілді құлдарды қылыштарымен жайратып тастайды. Шахриардың өзінен артық сенетін жұбайы Зобеида патшаға деген ықпалын қолданып, оның көңілін жұмсартуға тырысады. Сұлтан болса, оны өлімге қия алар емес. Бірақ зұлым інісі жек көрушілікпен Зобеиданың қылышпен шабылған көңілдесін нұсқайды. Шахриар жендеттерге белгі берген сәтте, әйелі сұлтанның қолындағы қанжарды алып, өз-өзіне қол жұмсап үлгереді. Шахриар опасыз болса да сүйікті жарының өлі денесіне қарап, егіле жылайды.

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Шахриар –    Жәнібек Иманқұлов

Зобеида –      Анастасия Заклинская

Шахезман – Ильдар Шакирзянов

Алтын құл – Бақтияр Адамжан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бас белсіз – Олжас Маханбетәлиев

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ