Scorpions в Алматы

Скрипкалық музыка шедеврлері

2017 / 2018               Камералық зал                   V маусым

21 наурыз * сәрсенбі * 19.00

«Скрипкалық музыка жауһарлары»

Белгілі қазақстандық скрипкашы Ержан Күлібаев Камералық залда «Скрипкалық музыка жауһарлары» концертінде өнер көрсетеді.

Ержан Күлібаев – Лиссабон,  Берлин, Новосібір, Буэнос-Айрестегі халықаралық конкурстардың, оның ішінде Познаньдағы Генрик Венявский атындағы айтулы халықаралық конкурсының алғашқы сыйлық иегері. Washington Award – 2014 сыйлығының иегері. «Астана Опера» театрының оркестрімен бірге Нью-Йорктағы Carnegie Hall, Торонтодағы Sony Center және Париждегі Opera Bastille залдарында өнер көрсеткен.

Концертте неміс классик композиторларының шығармалары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігімен «Астана Опера» театрының Камералық оркестрінің орындауында шырқалады.

 

БАҒДАРЛАМА:

М.Брух. Скрипкаға мен оркестрге арналған №1 концерт, соль минор, ор. 26

1. Allegro moderato

2. Adagio

3. Allegro energico

 

Л.Бетховен. Скрипкаға мен оркестрге арналған концерт, ре мажор, ор. 61

1. Allegro ma non troppo

2. Larghetto

3. Rondo. Allegro

 

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады