«Щелкунчик» ASTANA BALLET театрында
Үш актілі балет
Музыкасы - Петр Чайковский
Либреттосы және сценарийлік жоспары - Э.Т.А.Гофманның ертегісі бойынша Мариус Петип
Хореографиясы - Василий Вайнонен
Қойылымдық жұмыс - РФ халық әртісі Алтынай Асылмұратова
Костюмдер - Ольга Шаишмелашвили
Сценографиясы - Жандос Омаров
Қойылым неміс жазушысы Э.Гофманның ертегісі негізінде А.Дюманың мазмұндауы бойынша құрылған, туынды қуыршақ пен тышқан патшасы туралы сыр шертеді. Балет әлемдік даңқа ие болып, жаңажылдық мерекенің дәстүрлі символына айналды. Щелкунчик ертегісінің өңделген түрлері көп, алайда дәл Василий Вайноненнің нұсқасы әлемдік театр сахналарында жиі қойылатынына еш күмән жоқ. Әсіресе, оның туған жеріндегі Мариин театрында аса көптеп сахналанады екен. Хореограф балетті Санкт-Петербург қаласында дайындады, оның алғашқы орындауында аты аңызға айналған бишілер Галина Уланова мен Константин Сергеев тамаша өнер көрсету ұсынған еді. Балетшілер бұл редакцияның ерекше жеңіл көңіл-күйін атап өтеді, оның жан-жақтылығы әрбір өнер сүйер тұлғаны тәмсандырады: көркем сценография, романтикалық кейіпкерлер, жарқын костюмдер және, әрине, виртуозды хореография. Оны «балет-феерия» - «балет-ертегі» деп атаулары да бекер емес.