Шахмардан құдықтан шығады. Ашық оқу
СПЕКТАКЛЬ ТУРАЛЫ:
Нығмет Ибадильдин 1928 жылы ауыл тұрғындары мен қызыл әскерлер арасындағы сиқырлы шайқас туралы пьеса жазды. Өткен жазда әртістер ұжымы осы мәтін бойынша спектакль қоюға бел буды.
Бұл мәтінмен қалай жұмыс істеуге болады? Мұра және тарих туралы қалай сөйлесуге болады? Қандай «театр» керек және бұл жердегі орнымыз қайда?
Біздің осы сұрақтарға жауап іздеу тәсіліміз спектакльдің өзегіне айналды және оны бізбен бірге іздеуге шақырамыз.
Бүкіл процестің ашықтығы біз үшін өте маңызды. Ашық оқулар, репетициялар өткізіп, қазан айында көрермендерге болашақ қойылымның нобайын көрсеттік.
Көрермендердің бізге айтқандарының көпшілігі спектакльге әсер етті және ашық диалог мүмкіндігі біз үшін өте маңызды.
Сондықтан, әрбір қойылымнан кейін біз нақты не талқыланатынын білмей-ақ ашық пікірталас жүргіземіз.