«Аяз атаның солтүстік кереметі» жаңажылдық ертегісі
Назар аударыңыздар! Билеттер қайтарылмайды.
Балаларға арналған жаңа жылдық мереке - әндер, ойындар және көңілді тапсырмалар. Жиын барысында балалар Аяз атаға хат жазып, кез келген тілекті орындайтын сиқырлы жұлдыз жасап, көңілді эльфтермен ойнайды. Балалар кішкентай Айкуо есімді қыздың арманын біліп, Аяз атаға оны орындауға көмектеседі.
Балалар солтүстік полюске аттанып, Айкуомен бірге Солтүстік кереметті іздеуге аттанады. Оны табу үшін ауыр сынақтан өту керек. Жол бойында балаларға Үкі апай, Морж ағай және Солтүстік Бұғы кездеседі, олар біздің саяхатшыларға Солтүстік кереметін табуға көмектеседі. Ертегінің соңында Жаңа жылдың бас сиқыршысы Аяз атаның өзі пайда болып, өз көмекшілерімен бірге асыр салып, би билеп, барлық балаларды Жаңа жылмен құттықтайды!
Біздің мерекелік қойылымда:
● сиқырлы хикая
● жылы, отбасылық атмосфера
● фойеде фотосурет аймағы
● Аяз атаға хат (өзіңізбен бірге алып кетуге болады)
● Жаңа жылдық қолдан жасалған жұлдыз, біздің қойылымымыз туралы естелік
● интеракивті спектакль
● жұмсақ реквизиттер
● көрермендер залының ерекше орналасуы
● ойындар, әндер, жұмбақтар
● жарық шоу (жарықпен сурет салу)
● неон шоуы
● ертегі кейіпкерлерімен тікелей қарым-қатынас
● әрбір көрерменге жеке көзқарас
● музыканың жайлы дыбыстамасы
● спектакльден кейінгі фотосуреттер
● эксклюзивті сыйлық (жеке сатып алынады)
Біздің сыйлығымызда: Танграм ойыншығы, тақырыптық бояу қағаздары, борлар, жұмыртқа.