rebranding

Сашенька және аю (КАТМК)

«Буратино» қуыршақтар студиясы

С. Левин ертегісінің оқиға желісі аса айрықша, өзі сияқтылардан біраз ерекшеленеді. Ертегілерде аюды кезіктірген Машенька ғана емес екен! Сашенька есімді тағы бір қыздың да оқиғалары бар. 

Егер Машенька шаруашыл, пысық қыз болып, Мишенькаға көп заттарда көмектескен болса, Сашеньканы керісінше көп заттарға үйрету керек екен. Үйді шаңсорғыштың көмегінсіз қалайша тазалауға болады? Кір жуғыш мәшинесіз қалайша кір жуады? Үйімізде арнайы ақылды техника жоқ болса, нанды қалай илеуге болады? 

Егер өзгеше жағдайда болсаң, осының бәрін өз қолыңмен істесең болады екен! Сол себептен, адасқан Сашенька үшін бұл ормандағы кездесу біраз пайдалы болды: Мишенька оған бәрін үйретіп, үйіне қайтып апарды, ал әжесі мен атасы немерелерінің пысықтығына өте тамсаныпты. 

Ерекше әдемі ертегіні режиссер Мария Якимчук бастауымен «Буратино» қуыршақ студиясының әртістері дайындады. Қоюшы-режиссер спектакль үшін қамыс қуыршақтарын таңдап, мәнерлігі, көлемдігі мен қимыл-әрекеттігі оларға залдың бір мүшесі болуға қызықты мүмкіндік берді. 

Сайқымазақтардың сахна төрінде ұдайы және белсенді болуы ерекше әсер береді. Безендірулер де, қуыршақ театрында балаларға арналып жасалғанның барлығы секілді өте жарқын, ерекше сиқырлы. 

Мөлдір жапырақтар мен бұлттар мен орман ішіндегі жартытондардың әрқилылығы - заманауи технологиялар ісі мен режиссердің балаларға және ата-аналарға арналған нағыз ертегі жасай білу қабілеті. Суретшілердің ықпалы да таңғалдырады. Жұмыла атқарылған жұмыс нәтижесінде сәтті де әсем ертегі туындады.