rebranding

Sary Астанада

«Sary» тобы - Q-Rock жанрындағы авторлық әндерін орындайтын Астана қаласынан шыққан жас әрі өршіл топ. Әншілер өздерінің Qupia хитімен белгілі болып, ал соңғы шыққан Moon Tamyz әні Yandex Music және ВКонтанте желісінің ресми плейлистерінің тобын жарып келуде. Сондай-ақ, топ Қазақстан бойынша концерттерді белсенді түрде беріп келеді, ал осы жылдың қаңтар айында тур аясында Өзбекстан астанасы Ташкентте де өнер көрсетті.

Концерт сахнасында әлі де жарыққа шықпаған туындылар да, көреремендердің жанына батқан әндер де шырқалмақ. Осы әндерді алғаш еститіндердің қатарында бол!

Концерттік қолдауды өнері кем түспейтін Sana Sezim q-rock тобы көрсетеді. Олар өз әндерін концерттің бірінші бөлігінде орындайтын болады.