Самұрық келген таң

2020 / 2021                    Камералық зал            VIІІ маусым

27 наурыз * сенбі * 15.00

Тілеуғазы Бейсембек

«Самұрық келген таң»

(Киелі Самұрық құс туралы музыкалық ертегі)

(қазақ тілінде)

«Астана Опера» театрының шығармашылық ұжымы жас көрермендерге «Самұрық келген таң» атты жаңа музыкалық спектакль ұсынады. Ол сиқырлы Самұрық құсын іздеп, жолға шыққан Айдар мен Айжанның бастан кешкен оқиғаларынан сыр шертеді. Барлық ертегілер сынды, бұл туынды да ержүрек кейіпкерлері мен олардың адал достарының ғажайып Мәңгілік елге жетіп, бақытқа кенелуімен аяқталады.

Либретто мен музыка авторы – композитор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тілеуғазы Бейсембек. Спектакль VII Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауының «Балалар аудиториясына арналған драмалық шығарма» номинациясы бойынша І жүлде лауреаты.

 

 

Қоюшы режиссер – Еренбақ Тойкенов

Дирижер – Руслан Баймурзин

Костюмдер бойынша суретші– Арасель Досмұратова

Проекциялар бойынша суретші – Азамат Құттығожин

Жарық бойынша суретші – Сергей Кулак

Қоюшы хореограф – Шыңғыс Оспанбаев

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

Жауапты концертмейстерлер – Меруерт Жекенова, Жаңыл Рақымбекова

Жоба жетекшісі – Маржан Жәкенова

 

 

Ұзақтығы – 50 минут

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ОРКЕСТРІ, МИМАНСЫ, БАЛАЛАР СТУДИЯСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ